17.05.2017
Жиынға партияның Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова, қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студент жастар қатысты.
«Мәдениеті дамыған елдер бүгін дамушы 30 мемлекеттің құрамына енген. Сол үшін әдебиет пен мәдениетті дамытудың алар орны ерекше. Бұл мақсатта біз жастармен қоян-қолтық жұмыс істеуіміз керек. Елбасы әркім өз саласының маманы атанып, ауыл мен қаланың гүлденуіне өз үлесін қосуы қажет деген болатын. Рухани жаңғыруды қазіргі уақытта ұсынуы бұл уақтылы қабылданған дұрыс шешім болды», - деді Зәуреш Нұрымова.
Талқылау барасында жиналған қауым прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы тақырыбында пікірталас жүргізді. Спикерлер жастарды білімді, толерантты болуға шақырды. Сондай-ақ, Елбасының рухани жаңғыру аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ мәдениеті», «Туған жер» жобаларын талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Баяндамашылар салауатты өмір салты, идеологияның рухани адамгершілік бағыты, демография мәселесін де талқылап, қызу пікірталас жүргізді.