17.05.2017
Джон Шоберлайн көптеген жылдар бойы Өзбекстан, Түркіменстан мен өзгеде евразиялық мәтіндегі латындандыру бастамаларын зерттеп жүр.
«Жаңа қаріпке үйрену тұрғысында проблема болмауы керек. Бұл процес қиындықтар тудырмауы тиіс. Қазақстанның халқы латын әліпбиімен таныс, себебі олардың басым бөлігі еуропалық тілдерді біледі. Ал, басты мәселе оның әлемдегі жағдайға қалай әсер ететінінде. Себебі көптеген азаматтар бұл қазақ тілін орыс тілінен бөледі деген пікірде. Алайда ол дұрыс емес», - деп өз пікірін білдірді Джон Шоберлайн.
Спикердің айтуынша, бұл мәселеге салыстырмалы тұрғыда қарау керек, дәлірек айтсақ Евразия елдері мен Кеңес Одағы елдерінің латын қаріпіне қалай келгенін саралаған жөн.
«Біз Өзбекстаннан үлгі алсақ болады, себебі ол Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін латын әліпбиіне көшті. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппады. Көптеген салаларда кириллицаға басымдылық берілген. Бұл мемлекет саясатына, жүйелендіруге тәуелді. Менің ойымша латын әліпбиіне көшу он жылдан аз уақытты алады. Бұл сонымен қатар мемлекеттің көшуге қаншалықты дайын екеніне байланысты. Егер мемлекет шешім қабылдаса онда процес жылдам болады», - деді ғалым.
Бұдан басқа, жоғарғы білім туралы қазақ тіліндегі жаңа жұмыстарды жариялау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында пайдаланған қазақ ғалымдарының латын әліпбиі туралы зерттеулерінен мысал келтірілді.
Айта кетерлік жайт, шара қазақ және ағылшын тілдерінде өткізілуде.
Ақбота Күзекбай