16.05.2017
«Мемлекеттік басқару және заң» атты 2017 жылғы дүниежүзілік даму туралы баяндамамен таныстыру кезінде авторлардың бірі және Дүниежүзілік банктің кедейлік және әділдік мәселелері жөніндегі практика басшысы Луис Фелипе Лопес-Кальва қоғамда билікті тең бөлу саясат шараларының тиімділігін қалай төмендететіні туралы мәселенің қаралатынын атап өтті.
«Бұл жаһандық баяндама, дәл осы себептен алғашқы қадам жергілікті қатысушыларға әр түрлі мәнмәтінде және әр түрлі жағдайда таныстыру әрекеті болып табылады. Жергілікті ғылыми, мемлекеттік, үкіметтік қызметшілер, азаматтар мен қоғам азаматтары осы пікірталасты байыту және негізгі идеялардың жергілікті басқаруда саясат сапасын арттыру үшін қалай пайдаланылатынын түсіну үшін қолдануы тиіс», - деді Луис Фелипе Лопес-Кальва.
Оның зерттеуі бойынша, баяндаманың мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясатты қалайша анағұрлым тиімді ету міндеттерімен байланысты үш негізгі аспектісі бар.
«Баяндамада сұрақтардың үш түрі ұсынылған. Біріншісі, саясаттың кейбір шаралары неліктен тиімсіз және оларды не себепті өзгертуге болмайды: себебі шаралар жиі әсері жоқ нәтижелерге әкеледі. Мысалы, субсидиялар. Оларды өзгерту қиынға соғады. Екіншісі, жақсы жоспарланған шаралар да үнемі тиімді бола бермейді. Мұнда кедей елмен немесе табыс деңгейі орташа елдермен байланысты мысал келтіруге болады. Оларда білім беру сапасын күшейтуге қатысты алаңдаушылық бар. Саясатты әзірлейтін сарапшылар жиі жеткіліксіз ақпараттандырылады», - деп атап өтті спикер.
Үшіншісі, оның айтуынша, көптеген жағдайларда техникалық тұрғыда үздік шешім ретінде қарастырылмайтын саясат шаралары орын алады, алайда, бұл шаралар тиімді.
«Себебі кейде қандай да бір шешімдер практикада тиімді болады. Тиімсіз шаралар жиі озық тәжірибеге негізделмегендігімен түсіндіріледі. Екіншіден, саясаттың құлдырауы жеткіліксіз әлеуетке байланысты. Үшіншісі – саясат саяси еркіндіктің, ынталандыру мен уәждеменің жеткіліксіздігіне байланысты тиімсіз болады. Баяндаманы қарастырған кезде біз осы түсініктен тыс шығуымыз керек. Реформа жұмыс істеуі үшін әр түрлі саяси қатысушылардың уәждемесін қалай жақсы түсініп, қайта тұжырымдау керек», - деп түсіндірді Дүниежүзілік банк өкілі.
Баяндамада айтылғандай, әдетте, шаралар мен техникалық шешімдер қажетті нәтиже бермеген жағдайда оған мемлекеттік институттар кінәлі болады. Сонымен бірге, саясат шаралары қойылған міндеттерді шешуі үшін елдер мен донорлар мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың анағұрлым кең тәсілдерін назарға алуы тиіс екені атап көрсетілген.
Анағұрлым тиімді басқару мемлекет пен мемлекеттік емес субъектілер саясатты әзірлеп, іске асыра отыра, өзара іс-қимыл жасайтын процесс ретінде айқындалады.
«Біз баяндамада мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың әр түрлі қатысушылары келісімге қалай қол жеткізетінін түсінуге тырысамыз. Осы келісушіліктер мекеменің әр түрлі ережелері мен саясатында көрсетіледі. Біз әр түрлі қатысушылардың келісімге қалай қол жеткізіп, оны қолдайтыны туралы идеядан бастаймыз», - деп қосты Л. Ф. Лопес-Кальва.
Баяндама соңғы екі жыл ішінде көптеген елдерде жүргізілген зерттеулер мен консультациялардың нәтижелеріне негізделген және онда реформаларды жүргізу және мемлекеттік басқару динамикасын өзгерту процесінде басшылыққа алынуы тиіс принциптер ұсынылады.
Ақбота Күзекбай