• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР жаңа Салық кодексі тамызда Парламентке енгізілмек 15.05.2017

Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдеулерін жеңілдету үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын баяндады.

«Жеке әріптесті іріктеу мен  МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың барлық рәсімдеулері әрбір сала үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда жеңілдетілген түрде қосымша сараптауларсыз тіркелетін болады», - деді Р. Дәленов Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының орындалуын талқылау барысында.

Ол сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің қазіргіден басты айырмашылығы мәтіннің жеңіл тілмен жазылуы, көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі шаралар, жеңілдіктер мен уәждеме арқылы қарапайым әкімшілендіру болатындығын атап өтті. Дәленовтің айтуынша, құжатты тамызда парламентке енгізу жоспарлануда.

Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтер деңгейінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде ЖӨБ бюджеті енгізілетінін атап өтті.

«Ауыл әкімдері мен олардың аппарат қызметкерлерін оқыту, ЖӨБ дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуге өкілетті органдардың ақпараттық жүйесін, ауыл әкімдері аппараттарын интернет байланысымен және компьютерлік құралдармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылады», - деп хабарлады Жұмағұлов.


Back to the list