• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды 05.05.2017

Сонымен, Президент мәдениет саласындағы заңнаманы жетілдіруге, тарихи-мәдени мұраны қорғауға, театр өнерін, кітапхана және музей ісін дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы су, автомобиль, теміржол және қалалық рельсті көлігінде бақылау жүйесін жақсартуға, теңіз ортасын қорғауды күшейтуге және теңізде жүзу қауіпсіздігін жоғарылатуға, сондай-ақ қазақстандық құрғақ жүк тасу флотын дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Back to the list