• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті  «National Geographic» телеарнасына сұхбат берді 04.05.2017

Қазақстан Президенті телеарна өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика» және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады.

Сұхбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.


Back to the list