26.04.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;
3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.