• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух басты құндылықтарымыз - С.Шалабаев 26.04.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзегі - ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сейітқали  Шалабаев Елбасының мақаласына орай осындай пікірін білдірді.  

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің БАҚ-та жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда қозғалған озық ойларыңыз бен жаңашыл көзқарастарыңызды, жас ұрпақты тәрбиелеп отырған Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұжымы бірауыздан қолдайды.  Ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух ең басты құндылықтарымыз. Осы мақалаға өзек болған ел болашағы, ұлт тағдыры, сондай-ақ жас ұрпақ үшін аса маңызды істерді жүзеге асыруға және ұлттық құндылықтармен сусындаған саналы ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз деп сенім білдіреміз!», - дейді  Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сейітқали Шалабаев.  

 

 


Back to the list