22.04.2017
Қоғамдық кеңеске министрліктен:
- ҚР ЕХӘҚМ жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева;
- ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарабасов;
- ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Майраш Көзжанова;
- ҚР ЕХӘҚМ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Светлана Омарова енді.
Конкурстық іріктеу мен жұмыс тобының дауыс беруі нәтижесінде, Қоғамдық кеңес құрамына азаматтық қоғам тарапынан:
- «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майра Амантаева;
- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева;
- «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец;
- «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманский қабылданды.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес құрамына өз үміткерлігін ұсынған келесі 4 адам кірді: Серікқали Бисақаев, Аслан Қаржаубаев, Артем Корчагин және Ильзат Сафаргалиев.