• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Қорғаныс министрі көктемгі шақырылым кампаниясының барысы туралы жиналыс өткізді (ФОТО) 21.04.2017

Селекторлық жиналысқа ҚР ҚК БШ және ҚМ салалық бөлімшелерінің бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары. Облыс, Астана және Алматы қаласы әкімдерінің орынбасарлары – шақыру комиссияларының төрағалары, облыстық, Астана және Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары қатысты.

Жиналыс барысында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер және әскери құрылымдарды мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облыстық жергілікті әскери басқару органдарының шақыру комиссияларын тексеру жұмыстары қорытындыланды.

ҚР ҚК БШ ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары Департаментінің бастығы генерал-майор Мүслім Даиров атап өткендей, бұл кеңейтілген селекторлық жиналыс әскерге шақыруды ұйымдастыру барысындағы тапсырмаларды сапалы түрде орындауға бағытталған.

Жиналысты қорытындылай келе, әскери ведомства басшысы жергілікті әскери басқару органдарының басшылығына мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды сапалы түрде іріктеу жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар қойды.


Back to the list