19.04.2017
«Оның бірі төл өнеріміз - ұлттық спорттық ойындар. Бұған дейін де бұл сала өз бағытымен жүріп келеді десек, Елбасының көрсеткен бағдарынан кейін өзінің өміршеңдігін айқындап, қоғамда ауқымы кеңи түсетіні анық. Ал «Туған жер», «Туған жерге туыңды тік» деген міндеттері әр азаматтың бойтұмары болу керек деп есептеймін. Қазақстанның әрбір азаматының кіндігі ауылмен байланысты», - деді ол.
Тұратбек Шарапиев айтып өткендей, осы ретте туған жерге деген ерекше көзқарас танытып, үнемі байланысты үзбеу керектігін айтып отыр. «Туған ауыл, өскен жеріңе жасаған жақсылығың туған Отаныңа істеген игі ісің екені анық. Осы арқылы біздер патриотизмді қалыптастырып, елдің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Бұл тұрғыда облысымызда ауыз толтырып айтатын істер атқарылды».
«Мысалы, әркез жүрегі ел деп соққан, жаны жомарт жанның бірі Бауыржан Оспанов Жыланды, Лепсі ауылында спорт интернатын ашып, жастардың шыңдалып шығуына жағдай жасап отырса, Сарқан қаласында Е. Қожасбаевтар спорттық мектепті жөндеуден өткізіп, жас чемпиондарға мүмкіндік туғызуда. Үнемі ауылмен байланыс жасап, қолдауын үзбеген азаматтар әлі де талай істі атқаратыны сөзсіз. Міне, Елбасы осындай азаматтарды елге насихаттап, болашақта қатарын көбейтуді және осындай ұлық істі атқаруға сіздің де, менің де атсалысуымызды меңзеп отыр. Бұл біздің басты міндетіміз бен парызымыз болу керек. Ұлттық сананы жаңғырту арқылы ұлтқа қызмет етеміз», - деді ол.