• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елбасы Халықаралық  Түркі академиясының қызметін жоғары бағалады 17.04.2017

Кездесуде Елбасыға Түркі академиясының қызметі және Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берілді.  

Д.Қыдырәлі Нұлсұлтан Назарбаевқа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты Академия жұмысының перспективалары, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен «Ұлы дала» гуманитарлық форумының нәтижелері туралы баяндады.

Д.Қыдырәлінің мәліметі бойынша, Халықаралық Түркі академиясы Моңғолия аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның барысында көне түркі заманының жаңа жәдігерліктері табылған.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Академия жұмысын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.


Back to the list