• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жастар Елбасының әрбір тапсырмасын   тереңінен түсінуі  керек – З.Тұрысбеков 17.04.2017

«Бұл мәселе өскелең ұрпаққа қатысты. Халық  ішінде  «Бүгінгі сәби – ертең халық» деген сөз бар. Меніңше, жастар қауымы Елбасының әрбір тапсырмасын тереңінен түсінуі керек», - деді З.Тұрысбеков.

Ол айтып өткендей, Президенттің идеяларына міндетті түрде назар аударып, ұғыну керек.

«Білім беру  жалпыға бірдей болу керек. Білім – болашақтағы табыстың ең негізгі  факторы. Жастар басымдығының ең алдында  білім беру болуы керек. Компьютерлік  сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық – жаһандық заманда өмір сүру  жағдайы. Шынайы мақсаттарға қол жеткізу, білімге ден қойып, салауатты өмір салтын ұстану, кәсіби табыс – прагматизм болып табылады», - деді З.Тұрысбеков.

Ол айтып өткендей, бүгінде табысқа  жеке  тұлға емес, бәсекеге қабілетті біртұтас ұлт ретінде жете алады.

«Біздің ұлттық салт-дәсүр мен әдет-ғұрып, әдебиет пен той салты -  ұлттық рух, әрқашан бізбен бірге болуы керек», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list