11.04.2017
«Инфляция болжамды және нысаналы аралыққа сәйкес келеді. Жылдың басынан бері байқалған іскерлік белсенділіктің өсуі, ішкі қаржы нарықтарындағы тұрақты ахуал базалық мөлшерлемені келесі жолы қайта қарау кезінде базалық мөлшерлеменің төмендеу ықтималдығын арттырады», – деді ол. Д. Ақышев атап өткендей, инфляция Ұлттық Банктің болжамды дәлізі және болжамдары шегінде сақталады.
Мәселен, наурыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,7%-ға дейін төмендеді.
«Халықтың инфляциялық күтулері тұрақтанды. Бір жыл бұрын алдағы инфляциялық күтулерді сандық бағалау наурызда 6,1%-ды құрады. Осылайша, халықтың күтулері инфляцияның нақты мәнінен төмен деңгейде қалыптасады», – деді қаржы реттеушісінің басшысы.