• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның   ең төменгі күнкөріс деңгейі   2018 жылы 16%-ға дейін өседі 10.04.2017

Астанада орталық мемлекеттік органдар, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, ҚР «Атамекен» ҰКП, «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, «Ардагер» ҚБ және де ҚР салалық кәсіподақтары өкілдері мен басқа да тараптардың қатысуымен, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеудің әдісін жетілдіру жолдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде пікірін білдірген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақ тағамтану академиясы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша халықтың нақты тұтынушылық шығыстарының құрамын ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын, оның азық-түліктік емес бөлігінің үлесін 40%-дан 45%-ға дейін өсіру арқылы қайта қарау ұсынылғандығын атап өтті.

«Нәтижесінде, 2018 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейін өседі. Бұл қадам ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты жіктелетін әлеуметтік төлем көлемдерінің өсуіне ықпал етеді», – деді Светлана Жақыпова.

Вице-министр аталған мақсаттарға 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетте қосымша қаржы қарастырылғандығын жеткізді.


Back to the list