• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2020 жылы халық санағы жүргізіледі 04.04.2017

BNews.kz хабарлауынша, келелі отырыста «Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

«Біз 2020 жылы келесі жаһандық раундты өткіземіз, 2018 жылы жоспарға сай еліміздің екі аймағында жаңа жүйе бойынша пилоттық халық санағын жүргізу қарастырылған, ал негізгі халық санағы Қазақстанда 2020 жылы болады», – деп мәлімдеді Н. Айдапкелов.

Оның айтуынша, пилоттық халық санағы Ақмола облысының Бурабай, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз аудандарында жүзеге асырылады.

Сала маманының мәлімдеуінше, халық санағы заманауи технологиялармен іске асырылса, ақпарат жинау барысында ақпараттық технологиялар  пайдаланылады.

«30%-ын сауалнама арқылы жинасақ,  ақпараттың 70%-ы планшеттер арқылы жинастырылады», – деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, комитет төрағасының айтуынша, халық санағын жүргізу уәкілеттілігін ҚР Үкіметіне беру ұсынылды.

«Алғашқыда халық санағын жүргізу бойынша жоспар болды. Енді біз бұл уәкілеттілікті толығымен үкіметке бекітпекшіміз. Себебі бұл ұлттық халық санағы, яғни бұл жаһандық раунд», – деп толықтырды ол. 


Back to the list