• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонындағы   шақырылым барысын тексерді 04.04.2017

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жиын пунктінде қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай және шақыру науқанының өткізілу процесі туралы ОҚО ҚІЖД бастығының баяндамасын тыңдады. Жұмыс барысында Қорғаныс министрі шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесті.

Медициналық тексеру, психологиялық тестілеу үдерісімен танысып, сондай-ақ, шақырылымның сапасы мен ұйымдастырылуын тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша ведомство басшысы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды әрі қарай сапалы іріктеуге қатысты ОҚО ҚІЖД басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта облыстық жиын пунктінен Шымкент қаласына ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне бірнеше команда жіберілгенін, сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу басталғанын айта кеткен жөн.

 


Back to the list