04.04.2017
Ведомстводан хабарлағандай, кездесулерге қоғам қайраткерлері мен ҮЕҰ-лардың басшылары қатысты.
Талқылау барысында ҚР ДІАҚМ үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тапсырыстар мен орталықтағы және аймақтағы гранттардың жүзеге асырылуын қадағылайтын қоғамдық мониторинг механизмдерін жетілдіруге атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар, министрлік аймақтарда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға қоғамдық мониторингті жандандыруды ұсынды. 2016 жылы мемлекеттік тапсырыс қаржысының шамамен 95% жергілікті аймақтарда игерілген.
Өз кезегінде ҮЕҰ-лар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында қоғамдық мониторинг өткізу мәселелерін талқылауда күш біріктіруді ұсынды. Осы ретте жұмыстың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге ҮЕҰ-лардың өздері де атсалысуы керек екені баса айтылды.
Талқылау барысында ҮЕҰ-лар үшін тематикалық гранттық бағыттарды жасақтау мәселесі де назардан тыс қалмады. ҮЕҰ-ның айтуынша, тақырыптарды бекіту барысында сараптамалар негізге алынуы тиіс.