• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде болды 03.04.2017

Н.Назарбаев: Іс-шара барысында Елбасы спорт нысанының жұмысымен танысып, күрес залын және көпфункционалды залды аралап көрді.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы Ә.Тұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ә.Ниязымбетов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері бар.

Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

Кешен демеушілердің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.

 

 

 


Back to the list