03.04.2017
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ағымдағы жылдың 23 наурызында өткен Қазақстан мен Өзбекстан президенттернінің кездесуінде шекара маңындағы ынтымақтастықты одан ару дамыту келісілген болатын.
МКК департаменті директоры міндетін атқарушы Ж.Сұрағановтың айтуынша, бүгінде Астана мен Ташкент арасында қазақ-өзбек шекарасы маңында қосымша өткізу бекеттерін салу мәселесі қаралуда.
«Инвестициялар мен даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ҰҚК ШҚ және ОҚО әкімдігі қазақ-өзбек шекарасында жұмыс істеп жатқан өткізу бекеттерін қайта қалпына келтіру және жаңғырту жоспарының жобасын жасақтауда», – деп түсіндірді Ж. Сұрағанов.
Аталмыш жоспар аясында өткізу бекеттері мен көпірлерге апаратын кірмежолдарды жөндеуден өткізу қарастырылған.
Оның айтуынша, жоба мемлекеттік органдармен мақұлдануда.
«Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысында 5 өткізу бекетін қайта қалпына келтіру жоспарланған оның 3-уі 2018 жылы, 2-уі 2019 жылы пайдаланылуға беріледі», – деп түйіндеді Ж. Сұрағанов.