• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Қорғаныс министрі  оңтүстіктегі  оқу-жаттығу барысын тексерді (ФОТО) 03.04.2017

Оқу-жаттығуды тексеру барысында қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу ниетіне сәйкес шартты қарулышиеленісті оқшаулау және жолын кесу, дағдарыс ауданында тапсырмалардың орындалуының ұйымдастырылуы мәселелері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тыңдады.

Бригадалық оқу-жаттығудың ерекшелігі жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің классикалық емес және стандарттық емес үлгілерін, оның ішінде, «танкті әткеншек» және туннельді ұрыс тактикасы тактикалық айла-тәсілдерді қолдану болады.

Әскери бөлімдердің қолбасшылығы мен жеке құрамы далалық жағдайда әскерлерді орналастыру, әскерлер қызметін ұйымдастыру, жауынгерлік күзету, әскери техниканы бүркемелеу және пайдалану, сондай-ақ, ұдайы орналасу пункттерінен қол үзу жағдайларында материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін пысықтады.

Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы 4 000-ға жуық әскери қызметші, 150-ден астам бірлік броньды техника, 450-ден аса бірлік дөңгелекті техника, сондай-ақ, 12 бірлік авиация тартылғанын естеріңізге сала кетейік. 

 


Back to the list