• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ОСК-да  мәслихаттан  шығып қалған депутаттардың  орнына сайлау қорытындысы туралы мәлімдеді 27.03.2017

«Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қалалық, 36 аудандық, 58 округтік, 355 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.Сайлау науқаны барысында барлығы 201 кандидат ұсынылды. Олардың 50-і облыстық, 32-сі – қалалық және 119-ы – аудандық мәслихаттарға дауысқа түсті», - деді Владимир Фоос.

62 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 139-ы – өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде 188 адамды тіркеді.

Сайлау бюллетеньдеріне 170 кандидаттың тегі енгізілді.Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады.

2017 жылғы 26 наурызда 330 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілді.Сайлаушылардың келуі 77,83 % құрады.

«Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланды», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 289, қоғамдық бірлестіктердің 34 және БАҚ-тардың 51 өкілі жүзеге асырды.

«Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 46 (80,7 %) ер адам және 11 (19,3 %) әйел адам.Орташа жас – 46,5 жас. Ең жас депутат (22 жас) Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланды. Ең үлкені (64 жас) – Тараз қаласы мәслихатының № 22 сайлау округінде», - деді ол.

Сайланған депутаттардың 54-нің (94,7 %) жоғары білімі бар, 3 (5,3 %) – арнаулы орта.

3 (5,3 %) – әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері. 28 (49,1 %) – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 20 (35,1 %) – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 (10,5 %) – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

Ақбота Күзекбай 


Back to the list