17.03.2017
Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.
Кеше Б. Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында, Өскемен арматура зауытында, Үлбі металлургия зауытында, майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығында, көз микрохирургиясы емханасына және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекшілерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.