• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Президент Негізгі заңға түзетулер енгізу туралы заңды Конституциялық Кеңеске жолдады 06.03.2017

2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды.

Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді.


Back to the list