• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкіметті жасақтауда  Мәжілістің рөлін кеңейту  ұсынылуда – Ә. Жақсыбеков 03.03.2017

«Қазақстан Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының шешімімен Парламенттің қарауына берілді. Заң жобасында азаматтардың басым бөлігі қолдаған ұсыныстар ескерілген. Мемлекет басшысы атап өткендей, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерді 5 негізгі топқа жүйелеуге болады», - деді Ә.Жақсыбеков.

 Ә. Жақсыбеков айтып өткендей,  бірінші, Парламенттің рөлін жоғарылатуға бағытталған түзетулер. Үкіметті жасақтау кезінде Мәжілістің рөлін кеңейту және Парламенттің Үкімет пен оның мүшелерінің қызметін бақылау өкілеттілігін күшейту.

«Енді Үкімет құрамын мынадай тәртіпте жасақтау ұсынылып отыр.Премьер-министр Мәжіліспен ақылдасқаннан кейін Үкімет құрамына үміткерлер туралы Мемлекет басшысына ұсыныс енгізеді. Алайда Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің басшыларын Президент өзі тағайындайды», - деді жұмыс тобының жетекшісі.

 «Биілк тармақтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін Үкіметтің Парламент оның палаталары алдында есептілігін күшейту көзделіп отыр. Конституцияның 64-бабы 2-тармағында Үкімет өз қызметі үшін Президент пен Парламент алдында жауапты дегенді енгізу ұсынылды. Жаңа редакцияға сәйкес, Премьер-министр үкімет қызметінің негізгі бағыттары мен маңызды шешімдер туралы тек Президентке ғана емес, тұтастай алғанда Парламентке де баяндап отыруға міндетеледі. Енді Парламенттің әр палатасы министрдің есебін тыңдау қорытындысы бойынша заңды орындамаған Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Мемлекет басшысына жолданатын үндеу қабылдауға құқылы болмақ. Бұл палата депутаттарының жалпы санының үштен екісі келіскен жағдайда жүзеге асады. Мұндай жағдайда Мемлекет басшысы үкімет басшысын лауазымынан босатады», - деді Ә.Жақсыбеков. 

Қайрат Жандыбаев 


Back to the list