03.03.2017
«Бүгін біз Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің 25-жылдық мерейтойына арнайы шығарылған пошталық марканың айналымға енгізу салтанантты рәсіміне қатысып отырмыз. Егеменді елімізде ширек ғасыр шегінде, қазақстандық спорттың құрылуы мен дамуы өтіп жатты, спортшылардың бірнеше буыны ауысты, олардың көбі халықаралық мәртеге ие болып, тарихта өз ізін қалдырды. «Қазпошта» АҚ айтулы оқиғадан тыс қалмай, арнаулы пошталық марканы шығару туралы шешім қабылдады, себебі Қазақстанның филателия тарихына да 25 жыл толып отыр» деп «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры Алия Дыканбаева бөлісті.
Пошта маркасы төрт бояулы офсетті баспа арқылы сегіз маркадан тұратын маркалы парақ түрінде орындалған, перфорациясы жоталы. Парақ өлшемі 140 х 120 мм. Марка өлшемі 28 х 40 мм. Суретші Ксения Плужникова. Маркада ультракүлгін бояу қорғаныс элементтері қолданылды. Пошта маркасының номиналы 100 теңге. Таралымы 7504 дана. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
«Ұлттық пошта операторы «Қазпоштаға» алғысымызды білдіріп, қазақстандық филателияның 25-жылдығымен құттықтаймыз. Бұл бірлесе ұйымдастырылған бірінші іс-шарамыз емес. Спортшыл қоғамның атынан, еліміздегі олимпизмнің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз» - деп ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы, Данияр Абулгазин бөлісті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетi 1990 жылдың 3 ақпанында ұйымдастырылған және 1992 жылы Халықаралық Олимпиадалық Комитетінің құрметіне ие болды. Өз қызметінде Халықаралық Олимпиадалық Комитетінің хариясын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, ҚР ҰОК Жарғысын жетекшілік ететін, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. ҚР ҰОК миссиясы Қазақстан Республикасы аймағында Олимпияда қозғалысын дамыту және қорғау болып табылады.