23.02.2017
« Ұлттық кедендік заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік заңнамасына сәйкестендіру мақсатында жаңа Ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді. Біз ЕуразАЕҚ кедендік кодексінің нормаларын қолданып, қосымша нормаларды енгіземіз», - деді Тимур Сүлейменов.
Министр, өткен жылдың 26 желтоқсанында Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік кодекс туралы келісім шартынан шыққандығын айтты.
«Жұмыс үш жыл бойы белсенді бизнес-қауымдастықты тарту бойынша жүргізілді. Кедендік кодекс қажетті жаңашылдықтарды енгізеді, ол транзиттік әлеуетті жеңілдетіп, елдің сауда байланысын дамытады», - деді ведомство басшысы.
Ақбота Күзекбай