• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б. Сағынтаев сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді 18.02.2017

Кеңес барысында қызметті орталықтандыру қағидасы бойынша сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда, табиғи монополиялар мен жер қойнауын пайдалану салаларында сатып алу жұмыстарын жүргізудің жаңа тәсілдері қаралды. Президенттің аталған тапсырмаларын орындау сатып алулар үдерістерін жүргізудің айқындылығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп сатып алулар үлгісінің жобасын талқылап, Үкіметке енгізуді тапсырды. 

 


Back to the list