16.02.2017
Д.Абаев айтып өткендей, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен қарапайымдылығын қамтамасыз ету меморгандардың маңызды міндеті болып табылады.
«Елбасы өз Жолдауында қызмет көрсетуді барынша қарапайым етуді тапсырған болатын. Мерзім мен құжаттар санын қысқарту, қайталанатын тапсырмаларды алып, оларды электрондық форматқа ауыстыру айтылады. Біз бұл жұмысты қадағалауға алдық», - деді Д.Абаев.
Министрдің айтуынша, 2017 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызмет көрсетуді 85 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде мемлекеттік қызмет реестрі 710 түрі есептелді, оның 546 немесе 77 пайызын «электрондық үкімет» немесе Мемкорпорация арқылы жасауға болады.
Сурет: Арман Мұхатов