10.02.2017
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.
«Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады», - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
