03.02.2017
«Біз Жолдауда айтылған барлық тапсырмаларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды орындауға кірістік. Осыған орай, Үкіметтің арнайы отырысын өткізіп, экономикалық өсудің жаңа моделін құру үшін нақты іс-шаралар жоспарын айқындадық. Сондай-ақ, Жолдаудың әрбір тапсырмасы үшін жауапты адамдарды тағайындадық», - деді Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.
Ол билік тармақтары арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша тиісті заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Осылайша, Үкімет Президенттің тапсырмаларына сәйкес саяси реформаны іске асыруды бастады. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша дайындық жұмыстары да аяқталуға жақын.
«Біздің басты міндетіміз – Сіздің тапсырмаларыңызда айтылған тапсырмаларды бұлжытпай орындау. Үкімет Сіздің сеніміңізді жоғары бағалайды және біз Сіздің алдыңыздағы үлкен жауапкершілігімізді толық түсінеміз. Бүгін біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылғы қорытындылары мен алдағы жылға қойылған міндеттер туралы баяндаймыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сурет: Шыңғыс Қаппаров