• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтер санын көбейтті 02.02.2017

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 100 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден 57 Министрлікпен, Министрліктің ведомстволарымен және олардың аумақтық бөлімшемелерімен көрсетіледі, ал 43 жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.

Заңнамаға сәйкес қажетті нормативтік-құқықтық базаны өзектендіру жұмыстары басталды және төрт айдың ішінде жоғарыда аталған өзгерістер мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттерінде бекітілетін болады.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкестендіру мақсатында «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілітін қызмет тізілімнен алынды.

Сонымен қатар, арнайы су пайдалану саласындағы үш қызметтері тізілімге енді және осы қызметтердің көрсетілу процесстерін оңтайландыру мақсатында «Арнайы су пайдалануына рұқсат беру» деген бір қызметке біріктірілді.

Сонымен қатар, «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі тізілімге сәйкес Министрліктен Астана мен Алматы қалалары және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына берілді.

Сонымен бірге, бұдан бұрын енгізілген өзгерістерге сәйкес, аталған субсидиялау бойынша өтінім қабылдау және нәтижесін беру, басқа да 8 субсидияларды қоса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін болады.


Back to the list