02.02.2017
Шаралар барысында билік өкілеттігін бөлу бойынша болғалы тұрған реформалар талқыланып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымдықтар қарастырылды. С.Ершов айтып өткендей, Үкіметті құру кезінде Парламенттің өкілеттігі мен қызметі, Президенттің құзырындағы қызмет Үкімет пен Парламент арасында бөлінеді. Сондай-ақ, Жолдаудағы бес басымдық назардан тыс қалмады.
«Елдің жемісті жаңғыруы мен оны әрі қарай демократияландыру үшін ең алдымен кең қоғамдық қолдау қажет. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғамның бірігуі керек», - деді сенатор.