26.01.2017
«Қазақстан Республикасының азаматтары мен мекемелерінің назарына. Елбасы ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бүкілхалықтық талқылауға 2017 жылғы 26 қаңтар 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізіледі. Осыған орай ұсыныстар 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі, электрондық пошта - ap2017@akorda.kz мекен-жайы бойынша қабылданады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.