24.01.2017
2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 629 нысан жоспарланған.
«2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 578 нысан шығарылды, оның 394 нысан сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 25, коммуналдық меншік бойынша – 201, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 97, холдингтер бойынша – 71», - деді Қ.Ибрайымов.
Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге – 16,9 млрд. теңге, Холдингтерге – 73,6 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға – 6,8 млрд. теңге түсті.
Республикалық меншік бойынша 2014 - 2016 жылдары сатуға 35 нысан жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 35 объекті шығарылды, оның ішінде 25 нысан сатылды.
«Коммуналдық меншік бойынша 2014 - 2016 жылдары 308 нысан жекешелендіруге жоспарланды. Іс жүзінде 1 қаңтардағы жағдай бойынша 291 нысан саудаға шығарылды, оның ішінде 201 нысан сатылды», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев