12.01.2017
«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықта.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.