31.12.2016
(АКМ) Министрліктің миссиясы:реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық кеңістікті және байланыс инфрақұрылымын дамыту мен тұрақты жұмыс істеуін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Мiндеттерi:ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Министрлікті Дәурен Абаев басқаратын болды.
«Әлемдік экономикада дағдарыстық үрдістің тереңдеуі төңірегінде қазақстандық БАҚ айтарлықтай күрделенді, бұл орайда қолдау шараларын әзірлеу керек. Қазіргі таңда Қазақстанның жарнамалық нарық көлемі 36 млрд теңгені құрап отыр. Күрделі кезеңде жарнамалық қаржы БАҚ-тың барлық шығындарын жауып отырған жоқ, ол контент өнімділігінің төмендеуіне әкеліп отыр. Министрлік ақпарат және коммуникация мәселесі бойынша қоғам ұсынған және әзірлеген ынталандыру механизмін заң жобасына енгізуді қарастырды»,-деді министр.
«Уақыт бір орында тұрған жоқ, ол біздің алдымызға жаңа негізгі міндеттер мен сын-тегеуріндер қояды. Өршіл мақсат «Қазақстан 2050» стратегиясы және Ұлт жоспары сияқты мемлекеттік даму бағдарламаларында да айқындалған. Біздің министрлік Мемлекет басшысының Жарлығымен ағымдағы жылғы мамырда құрылған. Осы уақытқа дейін біз барлық ұйымдастырушылық, қаржылық және кадрлық мәселелерді шешіп, қалыптасу кезеңінен сәтті өттік», - деді Д. Абаев.
Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.2016 жылдың 13 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.
2016 жылддың 6 қазан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен "мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында" Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылды.
Жаңа министрліктің қызметі "қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)" салаларын қамтиды. Мекеменің негізгі басшылық бағыттары "бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау" деп көрсетілген.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне премьер-министр кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпарат және коммуникациялар министрлігінен - ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциялары көшеді.