• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Д.Абаев: «Казконтент» АҚ 2017 жылы отандық интернет-БАҚ-тың мобильді нұсқаларын іске қосуды жоспарлап отыр 05.12.2016

«Министрлік «Казконтент» АҚ-мен бірлесіп, отандық БАҚ интернет-ресурстарын жаңғыртудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспарын іске асырады. Енді «Казконтент» АҚ-ның әрбір интернет-жобасы жаңа форматта жұмыс істейді. Мысалы, қазанда E-history.kz  сайты бірегей тарихи контенті мен жаңа интерактивті мүмкіндіктері бар «National Digital History» ауқымды порталына өзгерді. Сайт логотипінің жаңа дизайны әзірленді, жаңалықтарды беру және шығару жақсартылды, «Қазақстаника» атты үлкен тарау қосылды. Арнайы жобаларды, сауалнамаларды, тестілерді, интерактивті іс-шараларды өткізу жоспарлануда», - деп ақпараттандырды министр.

Сонымен бірге, Д. Абаев өз жұмысының сараптамалық-талдамалық бөлігін едәуір кеңейткен Bnews.kz сайтын да атап өтті.

«Сонымен қатар Әдебиет порталының дизайны қайта қаралды, оның мобильді қосымшасын іске қосу жоспарланып отыр. Келесі жылдың басында ресми тұсаукесерін өткіземіз. Сайт мәдениет пен мемлекеттік тілді көпшілікке таратуға арналған тұғырнамаға айналады», - деп қосты Д. Абаев.

Сондай-ақ, АКМ басшысы келесі жылы «Казконтент» АҚ отандық интернет-БАҚ аудиториясының қамтылуын кеңейту үшін олардың қосымшаларының мобильді нұсқаларын іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list