• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда АӨК экспорттау орталығы құрылады 02.12.2016

«Сыртқы нарықта өнімді ілгерілету кезінде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында, «Kaznex invest» АҚ және «ҚазАгроГарант» АҚ  бір уақытта бірігуімен, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ базасында АӨК Экспорттық орталығын ашу жоспарлануда», - деп атап өтті Гүлмира Исаева.

Оның айтуынша, Орталықтың міндетіне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сервистік және қаржылық қолдау мен оларға арналған экспорттық арналар енетін болады. Басқаша айтқанда, орталық өнімді өткізудің ықтимал нарықтары туралы ақпаратты іздеумен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынумен, шетелдегі көрмелер мен жәрмеңкелерде орын ұсыну түрінде қолдау көрсетумен, сауда миссиялары құрамына енгізумен, зонттық брендтерді ілгерілетумен айналысатын болады.  

Экспорттық арналар бөлігінде орталық әлеуетті сатып алушыларды іздеу, өнімді жеткізу туралы сатып алушылармен және сауда желілерімен келісімшарт жасаумен айналысады. Бұдан басқа, орталық экспорттық арналар ашу мақсатында тауарлар топтамасын қалыптастыру үшін өнімді сатып алуды жүзеге асыруы мүмкін.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында экспортттау орталығы саудалық қаржыландыру, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, ілгерілету мен логистикаға арналған экспорттық гранттарды ұсынатын болады.

«Орталықтың қолдау көрсетуінің арқасында ірі топтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктері бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінде тікелей және көлік-логистикалық немесе көтерме-тарату орталықтарында өнімді сату арқылы шетелдік нарыққа шығу мүмкіндігі пайда болады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Сондай-ақ АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  органикалық өнімдер брендін ілгерілету мен нысаналы экспорттық саясатты құру қарастырылған.

Бұдан бұрын Елбасы жаңа жаһандық нақты ахуалдағы маңызды басымдық аграрлық сектордың жедел дамуына апаруды және таяудағы 5 жылда АӨК қазақстандық экономиканың қозғаушы күші болуы үшін барлық мүмкіндіктері бар деп атап өткен болатын.  АӨК жаңа рөлін іске асыру  еліміздің тұрақты дамуын  теңдестіреді, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін көтереді. Осы мақсаттарға қол жеткізу ауқымды кооперация арқылы мүмкін болады.

Исаеваның айтуы бойынша, жылдық сату көлемі 7 триллион АҚШ долларын құрайтын аса ірі тұтынушылық нарығының бірін қалыптастыра отырып, азық-түлікке деген жаһандық сұраныс үнемі артады. Қазақстан азық-түлік өніміне үлкен әлеуетті сұранысы бар Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен шекараласады.

Анықтама: АӨК экономикасы және ауыл аймақтарын дамыту қазақ ҒЗИ мәліметі бойынша, Қазақстанда астық, зәйтүн, бұршақ, азық дақылдарын және дәрілік шөптерді өсіретін 302 мың гектар аумағы бар  органикалық өнімдерді өндіретін 29 өндіруші қызмет атқарады. Сондай-ақ органикалық өнімдерді қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және т.б. операциялар үшін сертификатталған 19 компания бар.


Back to the list