• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Президенті әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы жарлыққа қол қойды 30.11.2016

"Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1. авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға – «Мәңгілік Ел» монументі үшін;
2. жазушы Бексұлтан Нұржекеевке – «Әй, дүние-ай» романы үшін;
3. авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға – «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін;
Суретші Камиль Муллашевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін.

Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлық мәтінінде.

 

 

 

 

 

                 

 

 


Back to the list