• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Президенті республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы трансферттер көлемдері туралы заңға қол қойды 29.11.2016

Заң Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және республикалық бюджет пен астананың, Алматы қаласының және облыстардың бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферттің көлемін бекітетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.


Back to the list