22.11.2016
Әр жылдары Елена Бахмутова ҚР Ұлттық банкінің қаржылық бақылау департаментінің директоры, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
2012 жылдың қаңтарынан бастап Елена Бахмутова «Самұрық – Қазына» басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бері басқарушы директор-басқарма мүшесі болып қызмет істеді, Қордың қаржылық тұрақтылығы, корпоративтік қаржы, инвестициялық және бюджеттік саясат салаларына жетекшілік етті.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астана» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдерімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.