• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ж.Қасымбек: Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 9 ай ішінде 58,3% құрады 18.11.2016

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ деректері бойынша сатып алудағы жергілікті қамту үлесі ағымдағы жылғы 9 ай ішінде 58,3% құрады. Осы ретте тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 трлн  596 млрд теңгеге артты. Алайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазақстандық қамтудың аралық көрсеткіші 7,7% төмендеген. Осы кезеңде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту пайызының төмендеуінің негізгі себептері теңге бағамының өзгеруі, импорттық шикізат сатып алудың ұлғаюы болып табылады», - деді Ж. Қасымбек.

Министр Үкімет индустрияландырудың жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қолдау көрсетуді қоса алғанда, отандық өндірушіні тұрақты қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын қосты.  

Ботагөз Айтжанова


Back to the list