17.11.2016
Мемлекет басшысы қаулы етті:
1. «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы»;
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.