15.11.2016
«Біз бүгін өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз. 1993 жылдың 12 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР аймағында ұлттық валюта – теңгені 15-ші қарашадан бастап енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталмыш Жарлық ҚР қаржы жүйесінің бастамасы болды. Осы орайда 15 қараша қаржы орталық үшін ғана емес, экономика үшін маңызды дата болды. Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 10 мың теңгелік банкнот шықты. Банкнотта ҚР Президентінің суреті бейнеленген», - деді Мағжан Әуезов.
Қаржыгер айтып өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген купюра коллекциялық болады.
Айта кетейік, Қазақстанда Н.Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мың теңгелік бонкнот пен 5 мың теңгелік монета жарыққа шықты.
Ботагөз Айтжанова