• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандықтар  құқық қорғау органдарына әкімшілік мемлекеттік қызмет стандарттарына сай іріктеледі 09.11.2016

Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардың теориялық білімін анықтауға бағытталған.

Жеке қасиеттерін бағалау үміткерлердің мықты жақтары мен кемшіліктерін, кандидаттардың қабілеттіліктерін анықтап, соның ішінде, азаматтардың қажеттілік мүдделеріне және қасиеттеріне хабардар болуын,  адамдармен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін,  әдептілігі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін анықтауға көмектеседі.  
Әңгімелесу кандидаттардың қажетті құзіреттерін және дағдыларын, сондай-ақ, талдау қабілеттерін, өзінің ой-пікірін білдіру қабілеті және керекті топ мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіру қабілеттерін айқындайды. Оған бейіндік,  уәждемелік сұрақтар, құзіреті бойынша сұрақтар, кандидаттардың коммуникациялық қасиеттері және ахуалдық есептерді шешу ұсынылады.     
 
Бүгінгі таңда әртүрлі заңдар саны және межелік деңгейі белгіленген 13 тестілеу бағдарламалары  4 құқық қорғау органдарында бар.Мысалы, прокуратура органдарында кандидаттар 5 бағдарлама бойынша    13-тен бастап 20-ға дейін заңды білу денгейін тестілеуді өтеді, ІІМ 2 бағдарлама бойынша 5 заң бойынша тестілеуді өтеді. 
Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаңа механизм барлық органдарға бірыңғай белгіленген тестілеу бағрарламалар санын 3 дейін қысқартады. 
Бірінші бағдарлама жоғарғы басқарушы құрамға арналған және 9 құқықты нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтын 95 дұрыс жауап беру қажет.
Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамының лауазымдарына анормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, сонын ішінде 63 дұрыс жауап берілуі тиіс.  

Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамына арналған және 5 заңнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша ең аз дегенде 75 сұрақтың 35 жауап беру қажет.
 Құқық қорғау органдарына алғашқы рет түсетін азаматтар тестілеуге электрондық үкімет порталы арқылы не болмаса азаматтарға қызмет көрсету орталығы арқылы жазылуға және өзіне ынғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар.

Агенттіктің тестілеу залдары мобильді байланысты бәсендету  құралдымен және үміткерді айқындау мақсатында  кард- ридерлермен жабдықталған.
Әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процессінің бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камераларымен жабдықталған.
Егерде сіз тестілеу процедурасын бақылауға ниет білдірсеңіз, Астана қаласындағы Агенттіктің тестілеу залының жанындағы холлда тестілеу процессін көрсететін арнайы теледидар орналастырылған.Жыл сайын тестілеуден 37 240 жуық азамат өтеді.
 
Тестілеу нәтижесі бойынша арнайы сертификат, ал, жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Бұл құжаттар бір жыл ішінде жарамды.Бұл үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді.

Осы жылдан бастап құқық қорғау органдарына алғаш рет түсетін азаматтар үшін іріктеу процедурасы әкімшілік мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындатылады. 


Back to the list