• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н. Әлтаев: ҚХР-ға экспорт Қазақстанның ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруі мүмкін 04.11.2016

Ол біздің экономикамыздың шикізатқа бағытталуы екінші орынға шегінген уақыт туындағанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы жаңа қозғаушыға айналуы тиіс. Бірақ ол үшін ішкі нарық жеткіліксіз – ҚХР мен Ресей нарықтарын да пайдалану қажет.

«Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушысы ауыл шаруашылығы болуы тиіс екенін бірнеше рет айтқан болатын. Біз осыны түсінеміз. Бірақ ол үшін бізге Қазақстанның ішкі нарығы жеткіліксіз. ҚХР және Ресей Федерациясы нарықтары сияқты екі алып нарық ортасында бола тұрып, біз осы мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет», - деп атап өтті  Н. Әлтаев.

Оның айтуы бойынша, Қазақстан өзінің агроөнімін әлемдік бағалар бойынша өткізе отырып, өз шикізатының өндірісін ынталандырады, өңдеу өнеркәсіптерінің жүктемесін ұлғайтады және Қытай нарығы біз үшін жай ғана нарық емес, өнімді өткізу көлемдерін кеңейту тәсілі, барлық АӨК дамыту үшін мүмкіндік.

«Қытайдағы экспорттың реттелген арналары түпкі нәтижесінде біздің ауыл шаруашылығымызды және импортты жаңа деңгейге көтеретін факторға айналуы мүмкін. Қытай азық-түлік импорты бойынша Еуроодақ пен АҚШ елдерінен кейін үшінші орын алады, Қытайға азық-түліктің жыл сайынғы импорты 115 млрд долларды құрайды. Өткен жылдың өзінде ғана Қытайға 4 млрд доллар сомасына 3 млн тонна бидай және 11 млн тонна арпа әкелінген. Егер қазақстандық өнім үлесін қарайтын болсақ, ол 0,1%-ды құрайды», - деп хабарлады ол.

Өз кезегінде, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаев біздің 9 облысымыздан аусыл бойынша шектеулердің алынғанын атап өтті.

Қазақстанның ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуы бойынша, Қазақстан Қытайға жыл сайын 1 млн тоннаға жуық сиыр етін экспорттай алады.

Картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер де Қытайға өнім экспортының болашағы бар деп санайды.

«Бүгінде Қытай крахмал өнімінің импорты бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі болып табылады. Қытай индустриясы қарқынды түрде өсіп келе жатқандықтан, крахмал қытай өндірісінің барлық салаларында қолданылады. Сондықтан бізде өсірілетін картоп барлық көрсеткіштері жағынан крахмалға өңдеуге жарайды. Және бізде қалыптасқан бағалар деңгейі де осы өңдеуді дамыту үшін бәсекеге қабілетті», - деп атап өтті Қазақстанның картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Биестаев.


Back to the list