03.11.2016
«Қор құрылғаннан бері салықтар мен басқа да төлемдер түрінде 7,9 трлн теңге төледі, сондай-ақ жалғыз акционер – ҚР Үкіметіне дивидендтер мен басқа да үлестірулер түрінде 716 млрд теңге есептеп, төледі. «Самұрық-Қазына» қоры әлемнің үздік егемен қорларының ұқсас көрсеткіштеріне жақындап келеді», - деді Ө. Шөкеев «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудағы «Самұрық-Қазына» АҚ рөлі» тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында.
Қор басшысының айтуы бойынша, 2013-2015 жылдары компания 150 млрд теңге мөлшерінде әсер берген ағымдағы шығыстарды оңтайландыруды жүргізді.
«Тиімділікті арттырудың корпоративтік қазынашылық, электрондық сатып алулар, бейінді емес активтерді іске асыру сияқты қосымша бастамалары 200 млрд теңгеден астам пайда әкелді. Қор компаниялары құны 12 млрд теңгені құрайтын 530 бейінді емес активтерді іске асырды», - деп хабарлады Ө. Шөкеев.
Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылатын Қор. Қор 2008 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған және инвестициялық холдинг коммерциялық құрылымы болып табылады, оның миссиясы Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңартуды қолдау.
Ботагөз Айтжанова