• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мемлекеттік басқару академиясының жаңартылған бағдарламалары практикаға бағдарланады 02.11.2016

«Біз бүгін алғашқы институционалдық реформа – Кәсіптік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мемлекеттік қызметшілерге кәсіптік білім беру жүйесін жаңартусыз, жетілдірусіз мүмкін емес екенін анық түсінеміз. Осыған байланысты, МБА қазіргі уақытта өз қызметін өзгертуді жүргізіп жатыр. Бағыттардың бірі – магистратура және докторантура бағдарламасының мазмұнын жаңарту. Біз қолданыстағы оқу бағдарламаларына айтарлықтай күрделі кешенді талдау жүргізгенімізді атап өту қажет. Осы жұмыс қорытындылары бойынша халықаралық тәжірибені зерттей отыра, біз 5 магистрлік бағдарлама және 4 докторлық бағдарлама әзірледік», - деп хабарлады Ф. Жақыпова.

Ол қазіргі уақытта оқу осы бағдарламалар бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Осы бағдарламалардың жаңалығы – олар практикаға бағдарланады, сәйкесінше, мемлекеттік қызметшілер оқитын пәндердің тізбесі, олардың мазмұны магистратураның, докторантураның академиялық бағдарламаларынан ерекшеленеді. Біздің бағдарламаларымыздың практикаға бағдарлануы кейстік тәсілмен қамтамасыз етіледі», - деп қосты Ф. Жақыпова.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list