21.10.2016
«Белсенді дауыс беру қажет, себебі нәтиже дауыс беру арқылы іріктеледі», - деді министр.
«Қазіргі уақытта байқаудың I кезеңі – интернет-қолданушылардың дауыс беруі өтіп жатыр. Барлық түскен жұмыстар Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. Әрбір азамат ұнатқан жұмысына SMS-хабарлама жіберу арқылы дауыс бере алады. Интернет-қолданушылардың дауыс беруі 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Айта кетейік, ұнаған жұмысқа министрліктің сайты арқылы 1414 нөміріне «Brand #», # - белігісіне өтінім нөмірн белгілеп смс жолдау қажет», - деді ол.
Конкурс екі кезең бойынша өтеді. Бірінші – интернет арқылы дауыс беру. Өтінімдерді қабылдаған соң 15 күн ішінде қалаған жұмысты таңдай алады. Екінші – интернет арқылы дауыс беруден жеңіп шыққан 10 үздік жұмысты сарапшылар кеңесінің алдында таныстырады. Дауыс берудің нәтижесі бойынша 5 үміткер таңдалады. Дауыс тек бір жұмысқа ғана беріледі.
«Логотипті достарының көптігі арқылы немесе дауыс берудегі таныстары арқылы таңдап алу сұрағына тоқтасам. Біз ол үшін үшінші кезеңді ұйымдастырдық. Демек, біз бірінші кезеңде бірден 5 үздік жұмысты таңдаймыз. Оның саны 10 болуы мүмкін. Кейін сарапшылық кеңес жұмыстардың ішінен бір үздік жұмысты таңдап алады. Бірақ, біз олардың назарына бірқатар жұмыстарды ұсынамыз, демек біз ұсынған логотиптердің ішінен үздігі таңдалып алынады. Осылайша, біз халық таңдап алған логотиптің ішінен біз ең үздігін іріктейміз», - деді министр.
Д.Абаев атап өткендей, смс-хаттарды жолдау тегін, желі операторлары ол үшін бірлік алмауы керек.
Айта кетейік, 2016 жылғы 31-тамыздан 15-қазанға дейінгі аралықта байқауға 965 өтініш қабылданды.
Индира Кауметова